Біз туралы » Страница 60 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

“Зейінге зер сал” ойыны ойнатылды
25
сентябрь
2023
“Зейінге зер сал” ойыны ойнатылды
“Апталық мотивациялық челлендж” аясында мұғалімдер арасында   “Зейінге зер сал” ойыны ойнатылды. Мақсаты: жас мұғалімдердің қарым-қатынас деңгейін, жаңа ортаға бейімделуін, лидерлік қабілетін дамытуды қалыптастыру.  “Жұмсақ шеңбер” ойыны Мақсаты: ұжымды ауызбіршілікке, татулыққа,  бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. ​https://youtube.com/shorts/KyqCVgSsrKc?feature=share​​​
“Поэзия әлемі”
25
сентябрь
2023
“Поэзия әлемі”
Әдебиет адам рухының тіл арқылы жасалған бейнесі. Поэзияның адам рухын бейнелеудегі орнын еш өнер баса алмайды. Ұлттық ой-санамыздың жаңаланбауының ең басты бір себебі: дәстүрлі әдеби санамыздың жаңаланбауы. Мектепте “Поэзия әлемі” атты үйірмесі өз жұмысын бастады. Әр апта сайын қазақтың сан ғасырлық тарихында ел мен жер жолында өлшеусіз еңбек етіп, тарих бетіне «тайға таңба басқандай» айқын ізін қалдырып кеткен тұлғаларымыздың шығармашылығы бойынша оқушыларымыз өлең сөздерін оқитын болады.
«Ғажайып алаң» сайысы өтті
22
сентябрь
2023
«Ғажайып алаң» сайысы өтті
22.09. Мұғалімдер арасында «Ғажайып алаң» сайысы өтті. Сайыстың 1 айналымы “Сұрақ-Жауап”. Әр топқа 8 сұрақ қойылды, бірінші топ ұстаздарға қазіргі жастардың қолданатын терминдеріне байланысты сұрақтарға жауап береді, ал екінші топқа өткен кезең туралы сұрақтар қойылды. 2 айналым “Көрейік-Тыңдайық”. Көрейік-тыңдайық айналымында әр топқа бір фильм, бір ән қойылады және жауап нұсқалары, яғни төрт нұсқасы көрсетіледі. 3 Айналым “Рас пен Жалған” екі топқа заманауи немесе ескі заманға қатысты
Қыз Жібек жыры
21
сентябрь
2023
Қыз Жібек жыры
Күні: 21.09.2023  Сынып: 7 Б  Пәні: Қазақ әдебиеті  Пән мұғалімі: Исбаева Г. Д. Тақырыбы: Қыз Жібек жыры. Мақсаты :  Көркем шығармадағы кейіпкердің типтерін жасалу тұрғысынан анықтау.  Сабақта алған білімдерін дамыту мақсатында “Тамшылар”, "Ұяшықтағы сұрақтар" әдісі арқылы шығарманың мазмұнына ой қозғау жасалды. Одан бөлек оқушылар кейіпкерлерге талдау жасау мақсатында "Айтарым бар" әдісі арқылы ойларын ортаға салды.   Сабақ “Бас бармақ” әдісімен бекітіліп, бағаланды.
Ахмет Йассауи “Даналық кітабы”
21
сентябрь
2023
Ахмет Йассауи “Даналық кітабы”
Күні: 21.09.2023  Сынып: 8 А   Пәні: Қазақ әдебиеті  Пән мұғалімі: Аманбердина Еркежан Бауыржанқызы Тақырыбы:Ахмет Йассауи “Даналық кітабы” Әдісі: Төңкерілген сынып Мақсаты : 8.1.4.1 көркем шығармалардан үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. Оқушыларға алдын ала бейнематериал мен қосымша мәлеміттер жіберіліп, оқушылар үйден оқып, өлең жаттап келді. Сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында “қолшатыр” әдісі арқылы жаттаған өлеңдерін айтып, тақтадан суреттер арқылы ой қозғау
9-сыныптар арасындағы патриоттық әндер байқауы өтті.
20
сентябрь
2023
9-сыныптар арасындағы патриоттық әндер байқауы өтті.
20.09. Байқауда қазақтың патриотық әндері орындалды. Сонымен қатар “Әннің жалғасын тап” ойыны өткізілді. Ойында әндерден үзінділер берілді оқушылардың басты мақсаты жалғасын дұрыс тауып әннен бір үзінді орындау. Осы өткізілген байқау арқылы оқушылардың бойына өнерге деген сүйіспеншілікті дарыту, музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру, есте сақтау қабілеттерін нығайту сияқты мақсаттарға жете алдық.
Жергілікті ақындармен кездесу кеші өтті.
20
сентябрь
2023
Жергілікті ақындармен кездесу кеші өтті.
20.09 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығы аясында жергілікті ақындармен кездесу кеші өтті. Әдеби кездесуге Жақсылық Асқарбек, Қуандық Кенжебекұлы, Әлішер Қыдырбекұлы келіп, мектеп ұстаздары және оқушыларына өлең - жырларын арнады.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай караоке өткізілді
20
сентябрь
2023
Қазақстан халқы тілдері күніне орай караоке өткізілді
Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Тілдер шеруі" айлығының жоспарына сай  оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру,тыңдап -түсіну дағдыларын қалыптастыру мақсатында караоке өткізілді.Қазақ тілінде Ережеп Еркежан,Ибраева Ажар, орыс тілінде Есеналин Карим,Ибраева Гульжан, ағылшын тілінде Бейсенбай Айдана,Купиева Айназ,Серікқалиева Әмина ән шырқады. Караокеден оқушыларымыз әдемі көңіл-күймен, жылы лебіздерін білдіріп тарқасты. ​https://youtube.com/shorts/wiQaBLGdOUQ?feature=share​​​
«Қызықты әдеби тіл» атты зияткерлік ойыны өткізілді.
19
сентябрь
2023
«Қызықты әдеби тіл» атты зияткерлік ойыны өткізілді.
19.09.2023 8 сынып оқушылары арасында «Қызықты әдеби тіл» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынның басты мақсаты оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой - өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу. Зияткерлік ойын 2 турдан тұрды.  І тур «BAAMBOOZLE» сайты арқылы сұрақ-жауап айдарымен басталды. Сұрақ жауап айдарында қазақ тілі пәніне байланысты сұрақтар және мақал-мәтелді жалғастыру сияқты тапсырмалар қамтылды. ІІ тур «Сауатты сөйлейік» ойынымен
Литературная викторина.
19
сентябрь
2023
Литературная викторина.
Басни И.А.Крылова. 8 класс.Цели: 1.Показать мастерство И.А.Крылова-баснописца в изображении характеров героев, близость их к разговорной речи.2.Развивать у учащихся творческие  и актерские спрсобности.3.Прививать любовь к устному народному творчеству.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее