22
сентябрь
2023
«Ғажайып алаң» сайысы өтті
22.09. Мұғалімдер арасында «Ғажайып алаң» сайысы өтті. Сайыстың 1 айналымы “Сұрақ-Жауап”. Әр топқа 8 сұрақ қойылды, бірінші топ ұстаздарға қазіргі жастардың қолданатын терминдеріне байланысты сұрақтарға жауап береді, ал екінші топқа өткен кезең туралы сұрақтар қойылды. 2 айналым “Көрейік-Тыңдайық”. Көрейік-тыңдайық айналымында әр топқа бір фильм, бір ән қойылады және жауап нұсқалары, яғни төрт нұсқасы көрсетіледі. 3 Айналым “Рас пен Жалған” екі топқа заманауи немесе ескі заманға қатысты фактілер беріледі. Сол деректердің рас немесе жалған екенін табулары керек болды. Сайыстың ең соңы караокемен аяқталды.

