«Эко Асар» акциясы «Қалдықтарды бөліп жинайық»
Жыл сайын Қазақстанда 5-6 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдықтар түзіледі. Қазір елімізде қалдықтарды сұрыптап, өңдейтін 130 кәсіпорын бар. Биылдан бастап пластмасса, макулатура, картон, қағаз қалдықтары мен шыныны қоқыс полигондарында жерлеуге тыйым салына бастады. Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі және жергілікті әкімшіліктер шағын және орта бизнес субъектілерін тарта отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды утилизациялау және өңдеу бойынша шаралар кешенін әзірледі. Бұл шара бойынша қалдықтарды өңдеу үлесі 2030 жылға қарай 40%-ға, ал 2050 жылы 50%-ға дейін ұлғаюы керек. Жақсы, бұл ауқымды шаралар делік. Жергілікті, қалалық, аймақтық, тіпті мемлекеттік тұрғыда жасалатын дүние болар. Осы орайда 5 «Г» сынып оқушысы Ғапбасова Аясыл қалдықтарды бөліп жинауды үйренді және достарымен бөлісті.