Пластиктен қалай бас тартуға болатыны туралы баламалар ұсыну
Күнделікті тұрмыста қолданатын пластик заттардан бас тартып оның баламасы ретінде басқа заттарды қолдануға болады. Сол арқылы біз өзіміздің экологияға деген көзқарасымызды өзгертеміз. Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнімдердің көп мөлшері бір рет қолдануға арналған: әдетте бір жыл ішінде бір рет пайдаланылатын бір реттік орауыш заттар немесе өнімдер. Пластиктің екі жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзінен