«Сарыға таста!!!»






Мектебімізде «Жасыл мектеп» жобасы аясында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау бағытындағы жұмыстар қолға алынды. Қалдықтарды жеке-жеке жинау арқылы күнделікті тасталатын қоқыстардың мөлшерін, өңделмей, полигондарда таудай болып үйіліп жататын қоқыс үйінділерінің көлемін азайту мақсатында қоқысты сұрыптауға тиісті назар аударудамыз. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесі, кейіннен тұтыну тауарларына қайта өңдеуді енгізу қажеттілігі бізді алаңдатады. Сол себепті біз келесі ұйымдармен байланыс орната бастадық: ЖК «Вотчель С.А» -полиэтиленді өңдеу; ЖК «Нуржигитов Е.Б.»- қағаз қалдықтарын өңдеу; ЖСС «Проотход Казахстан» қалдықтардың әр түрлерін кәдеге жарату; ЖСС «Ж. Құрылыс компаниясы» - шиналарды қайта өңдеу.
Мектеп ауласына техникалық қалдықтарды жинау үшін арнайы контейнер қойылды. Жоба аясында ата-аналар мен оқушыларды хабардар ете отырып, пайдалануға жарамайтын, бұзылған техникалық қалдықтарды ( шаңсорғыш, телевизор, үтік, шәйнек, компьютерлер) жинай бастадық. Мектеп ата-аналарының белсенділігі жоғары екенін байқадық. Ғимарат ішіне қойылған контейнерлерге қағаз, пластикалық шөлмектер, тамақ қалдықтары жеке-жеке сұрыпталуда. Қоршаған орта, таза қала үшін мектебіміздің үлесі зор.