15
январь
2021
«Қалдықты құр қалдырма» тақырыбында қалдықты бөліп жинаудың нәтижесі туралы көрермендерге кеңес.
Мектебіміздің оқушылары «Эко Асар» акциясы қарсаңында өткен қалдықтарды бөліп жинау конкурсының нәтижесінде Қазақстан – Семей теле арнасы арқылы көрермендерге қалдық заттарды үй жағдайында бөліп жинап, қалдық заттардан түрлі заттар жасауға болатындығы туралы көптеген тәжірибелерімен бөлісті. Нақтырақ айтатын болсақ, оқушыларымыз үйлерінде қалған қалдық заттарды бөліп жинап, шыны, пластик, қағаз қалдықтарын пайдаланып, сыйлық ретінде беретін кәде сый жасауға болатынын көрсетіп, түсіндіріп кетті және бағдарлама соңында мектебіміздің оқушылары барлық Семей қаласының тұрғындарын қалдық заттарды бөліп жинап, керексіз заттарға екінші өмір сыйла деп айтып өтті.




