Қалдық заттарға екінші өмір сыйла. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

19
март
2020

Қалдық заттарға екінші өмір сыйла.

Өмірде қолданбайтын қалдық заттардан әр түрлі шығармашылық  туындылар жасау арқылы оқушыларды икемділікпен шеберлікке   тәрбиелеу  арқылы, қалдық заттарға екінші өмір сыйлау. Оларды қоқысқа тастамау сонымен  қатар адам ағзасына зиян келтірмейтін әдемі бұйымдар жасау, өмірде қолдана алатын шығармашылық  қолөнерлер жасап үйрену. Мектептің барлық 819 оқушысы және 354 ата – анасы топтық жұмыспен, жанұяларымен бірігіп қалдықтардан әртүрлі заттар дайындады. Атап айтатын болсақ пластикалық шөлмек, қақпақтар, жарамсыз кілттер, ағаштар, темір қалдығы, қағаз қалдығы, Сондай – ақ, әр мерекеге сай қалдық заттардан 1 – 11 сыныптар арасында қалдық заттардан түрлі бұйымдар, күнделікті пайдалануға жарамды заттар мен әдемі көрмеге қоюға жарамды заттар жасаудан сайыстар ұйымдастырылып отырады. Оқушылар өте белсенді, қызығушылықпен қатысады. Соның ішінде 7 «В» сынып оқушысы Шайболат Мөлдір осы қалдық заттардан түрлі заттар жасаудан Республикалық, Халықаралық конкурстарына қатысып, неше мәрте  бас жүлдеге иеленді.  Хабар теле арнасындағы облыстық дарынды балалар жобасы  «Дара бала» бағдарламасына шақырту алып, Қазақстан бойынша өз өнерімен халықты таныстырып, бөлісті. 






Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее