25
январь
2021
«Қалдықтарды сұрыптау» эко волонтерлар сұхбаты.
«Қалдықтарды сұрыптау» эко волонтерлар сұхбаты.
Мектебіміздің эко волонтерлар тобының мүшесі, математика мұғалімі Косбармакова А.К. «Елжан» сауда үйінің сатушылары мен жеке кәсіпкерлерімен сұхбат жүргізді.
Сатушылар мен жеке кәсіпкерлерге қазіргі таңдағы экологиялық ахуал, қоқысты дұрыс сұрыптау жайлы ақпарат беріліп, жаднама таратылды. Сондай-ақ, сауда үйінде күнделікті жиналатын өте көп қалдықтарды: пластик бутылкалар, қораптар, тағы басқа қоқыстарды бөлек жинау жәшіктерін орнатуға кеңес берілді. Сауда үйінің қызметкерлері бұл ұсынысты қабыл алып, келешекте сауда үйіне қалдықтарды сұрыптауға үш түрлі жәшік қоятындарын айтты. Жалпы қызметкерлердің барлығы осы мәселеге бей-жай қарамайтындығы өте қуантарлық жағдай.










