13
январь
2021
Қалдықтарды бөле отырып – қаламыздың табиғатын қорғайсың!
Қоқыстарды бөлу сапасы үрдістің барлық сатысындағы қатысушылардың белсенділігі мен түсінігіне байланысты. Қоқысты бөлу еліміздің әрбір азаматының жауапкершілігі. Негізінен, қоқысты бөліп жинау жүйесі ойдағыдай нәтиже беру үшін қоқыс тастайтын әрбір адамның белсенділігі қажет. Қоқысты бөлуге және тұрғындарға түсіндіріп, үйретуге белгілі бір уақыт пен күш керек. Сондай –ақ мектебіміздің эко еріктілер тобының жасаған жарналарынан қаламызда көптеген үлкен сауда орындары нәтиже шығарып, сауда үйлерінде қоқысты бөліп жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатып, қаламызды қоқыстан қорғауға шақыруда.


