«Тұрмыстық қатты қалдықтар» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

25
январь
2021

«Тұрмыстық қатты қалдықтар»


Мектебіміздің 2 «А» сынып оқушысы Ерсайынова Амина жаратылыстану пәнінен «Табиғи ресурстар» тақырыбын өткен соң, өзін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеп зерттеу жұмысын жүргізді.Оқушының іздену барысында көз жеткізгені: адам өміріне қажеттінің барлығын табиғаттан алады. Дегенмен оны пайдаланғаннан кейін көптеген қалдықтарды жарамсыз етіп тастайтынымыз тағы бар. Іздене отырып, көптеген статистикалық мәліметтерге қол жеткізді. Семей қаласының экологиялық жағдайын бағамдап, жылына қанша қоқыс қалдықтары шығатынын анықтаған. Тұрмыстағы қатты қалдықтарға дұрыс сұрыптау жасап, арнайы орындарға жөнелткенде, қаншама жаңа заттар жасап шығатындығын білді. Қайта өңдеуден өткен заттарды күнделікті тұрмыста пайдаланатынын ұғынды.Амина тұрмыстағы қалдықтарды дұрыс сұрыптап, үнеммен қолдансақ, еліміздегі табиғи ресурстар көздері: жерді, электр қуатын, ауа мен суды, ағашты қорғаймыз. «Ең бастысы табиғатымызды қорғаймыз» - деп өзінің ойын қорытты және Семей қаласы тұрғындарын қаламызды таза ұстауға шақырды! 


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее