«Қалдықтарды сұрыптау» экологиялық акциясы.
Құрметті оқырман, қоқыстардың азаюына, экологияға, қоршаған ортаға зиянды азайтып, керісінше пайдамызды әкелу үшін не істей аламыз? Әрине, күнделікті үйдегі түрлі қалдықтарды жеке-жеке сұрыптау арқылы күнделікті тасталатын қалдықтардың мөлшерін азайтып, сұрыпталған қалдықтарға екінші өмір сыйлай алады екенбіз. «Қоқыс-қалауын тапса, кіріс әкеледі» деген қағиданы ұстанып қалдықтардан көптеген үй тұрмысына қажетті заттарды жасай аламыз. Бастысы қалдықтарды сұрыптауды әдетке айналдыруымыз керек. Көп түкірсе көл демекші барлық азамат қалдықты сұрыптауға тиісті назар аударса, қоршаған ортаға зиянымыз азайып, табиғатымыздың тазарып көркеюіне септігіміз молынан тиер еді... Біздің мектеп волентерлары «Қалдықтарды сұрыптау» тақырыбындағы экологиялық жобаға белсенді қатысып, өз үлестерін қосуда. Сұрыпталған қалдықтарға екінші өмір сыйлап, қолөнерін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастырып көптеген заттар жасауда. Міне, күнделікті қалдықтарды сұрыптау арқылы біз өзімізге және қоршаған ортаға мол пайдамызды тигізе аламыз. Экологиялық жобаға белсенді атсалысайық! Іске сәт!




