27
январь
2021
«Қалдықты сұрыптау – қоғамдық мәселе»
Қалдықтар мәселесі қазіргі таңда қоғамдық проблемаға айналып отыр. Бұл жағдайда қалдықтарды сұрыптау – ең тиімді шешім болып табылады. Алайда, көптеген адамдар үйлерінде қоқысты сұрыптайтын бірнеше шелектің болғанын қаламайды. Бірақ, бұл –заман талабы. Осы орайда мектебіміздің волонтер ұстаздары өздері тұратын мөлтек аудан тұрғындарын тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауға шақырып, жаднамалар таратуда. Осындай шараларды жиі ұйымдастыру арқылы қала халқын қаламыздың экологиялық ахуалын жақсартуға жұмылдыруды көздеп отыр.


