Ата ананың мектептегі экологиялық жұмысы туралы пікірі
Бүгінгі таңда экология мәселесі өзекті болып отыр.Қоршаған ортаның ластануы табиғатқа және адамзатқа зиянды әсерін тигізеді. Күнделікті тұрмыстан шыққан қалдықтар жарамсыз болып, экологияның бұзылуына себеп болады. Еліміздегі экологиялық мәселенің шешілу жолында өз үлесін қосып, «Қазақстандағы экологиялық білім беру саласындағы үздік ұжым» мәртебесін алып, танылып отырған мектептің бірі- Семей қаласының «№ 3 Жалпы орта білім беру мектеп-кешені» КММ-сі. Аталмыш мектептің, қоршаған ортаны қорғау, табиғаттың тазалығын сақтауға арналған жобасы -ауқымды әрі игі жоба.Мектеп басшысы Ахметқалиев Нұржан Нығметоллаұлы бастаған ұжым мүшелері жоба аясында жыл көлемінде жұмыс жасап келеді. Мектеп ұжымы эікоасар акциясын ұйымдастырып, эко-валентер тобы құрылды. Эко-валентер тобы мүшелігіне жоғары сынып оқушылары жұмылдырылып тартылған.Топ мақсаты-қала тұрғындарына эко ақпарат таратып,ата-аналарға,оқушыларға істен шыққан заттар жинау сұралады. Үлгілі ұжымда мұғалімдік қызмет атқарып жүріп, өз үй-жайымда күнделікті қолданыстан шыққан қалдық заттарды іске жаратуды әдетке айналдырдым. Халқымыз , «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші,азамзатқа пайдалы , тың игі амал –әрекеттер мол болсын деген тілекпен, әр қазақстандыққа ауамыздың таза, жеріміздің құнарлы, суымыздың мөлдір, қаламыздың көрікті болуы, Еліміздің көркейіп ,дамуы өз қолымызда дегім келеді.

