«Мектеп өмірінен бір күн» атты жалпы Республикалық жоба » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » » «Мектеп өмірінен бір күн» атты жалпы Республикалық жоба

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

19
февраль
2020

«Мектеп өмірінен бір күн» атты жалпы Республикалық жоба

2020 жылдың 18 ақпанында  «Мектеп өмірінен бір күн» атты жалпы Республикалық жоба аясында қалалық «Қоғамдық қызмет ұйымдастыруға оқушылардың қамтылуы»   тақырыбында іс шара өтті. Жиынға үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар қауымдастығының өкілдері қатысты.  №3 жалпы орта білім беретін мектеп -кешенінің «Жасыл мектеп» қоғамдық -экологиялық жобасының жұмыс барысынан көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар  мектептің экоинициативалар, фитоөндіріс, гидропоника, волонтерлық қозғалыс, экотуризм бағыттарын қамтыған жұмыстарымен танысты. Мектеп ата-аналарының арасында өткен «Эко үй» сайысының жеңімпазы Купиевтер әулетінің  жинақтарын тамашалады. Көркем еңбек пәні мұғалімінің басқаруымен қолданбайтын заттарға екінші өмір сыйлаған қол өнер шеберлері өз жұмыстарын көрсетті. Үкіметтік емес «Исток» балалар мен оқушылардың шығармашылық орталығының жетекшісі Михайлова Л.Д. «Жас орманшылар» мектебінің жұмысына және экологиялық соқпақты дамытуға деген жоспарлары қызықтырды. Ұйыммен байланыс жасау мақсатында келісім жасалды. Жиыны №3 мектептен 34 оқушы қатысты. Қала мектептерінің ата-аналары қойған сауалдарға толық жауап беріп өз жұмыстарының мазмұнын аша білді.




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее