Эко сауалнама "Қалдықтарды дұрыс сұрыптау" » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

30
январь
2021

Эко сауалнама "Қалдықтарды дұрыс сұрыптау"

    7 «А» сыныбының оқушылары, эко-волонтерлар тобының мүшелері Жарқынбаев  Нұрмұхамед, Альменова Асем және Маликов Нурали қала тұрғындары «Қалдықтарды сұрыптау» тақырыбында қандай деңгейде ақпараттандырылғанын және қоқыстарды сұрыптауға көзқарастары қандай екенін анықтау мақсатында эко-сауалнама жүргізді. Сауалнама оқушылардың туыстары мен ата-аналарының таныстары, сондай-ақ кездейсоқ адамдардан да әлеуметтік желілер арқылы жүргізілді. Барлық сұралғандардың саны – 50 адам. Алынған статистикалық мәліметтер математика пәні мұғалімі Косбармакова Акгуль Каримовнамен, «Алгебра» сабағында талданды.  Сабақта оқушылар 4 топқа бөлініп, әр топ сауалнаманың бір сұрағын таңдап, сол сұраққа берілген жауаптар бойынша топ оқушылары:

  1. вариациялық  қатар құрып, абсолюттік және салыстырмалы жиіліктерін есептеп, деректерді жиілік кестесі түрінде көрсетті
  2. мәліметтерді жиілік алқабы арқылы кескіндеді

Әр сұрақ бойынша құрылған жиілік алқабынан алатын мәліметтер жоғарыда фотада көрсетілген. 

    Осы мәліметтерді оқушылармен талдай отырып, қала тұрғындарын қалдықтарды сұрыптау бойынша ақпараттандыру жұмысы қандай бағытта жүргізілу керегін қорытындыладық.










Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее