01
февраль
2021
Қоқысты дұрыс сұрыпта" акциясы өз жалғасын табуда
Қаланың сыртына шықсақ біз көбіне қоқыстардан целлофан пакеттердің аспанға ұшып жатқанын, пластик бөтелке мен көбіне көп балаларымыз пайдаланатын айран,сүт қораптарын және жастардың зиянды тамақ болса да тез дайындалатын роллтон, доширак сияқты тағамдардың ыдыстарын шашылып жатқанын көреміз. Осы көріністі көріп, қаламызға қонақтар келсе, өзіміздің тұрып жатқан жеріміздің ауасына, экологиясына жүрегім ауырады. Мен 3мектеп психологы отбасымда үнемі қоқыстарды қалай дұрыс сұрыптауға болады, тұрған жерімізді ластамайық деп балаларды тазалыққа үйретіп отырамын. Үйде целлофан, бөтелке, тамақ қалдықтарын дұрыс сұрыптауға бағыттап отырамын.


