«Экобілім мен мәдениетті қалыптастыру бізден басталады....» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » » «Экобілім мен мәдениетті қалыптастыру бізден басталады....»

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

02
февраль
2021

«Экобілім мен мәдениетті қалыптастыру бізден басталады....»

Мектебіміздің кіре беріс дәлізінде «Қоқыстарды бөлігі жинауға» арналған арнайы қоқыс жәшіктері орналастырылған. Бұл үрдіс мектеп ұжымыната-аналар мен окушыларда қоқыс қалдықтарын сұрыптап салу мәдениетін қалыптастырады деген ойдамыз. Осы орайда, мектептен балаларын алып кетуге келген ата-аналарымен Аманкулова Айгуль Жақсылыққызы түсіндірме жұмысын жүргізуде. Жұмыстан тыс уақытта өзі тұратын «Теміржол вокзалы» маңайында қала тұрғындарымен қала тазалығы, тұрмыс қалдықтарын сұрыптап жинау жайында ой бөлісті. Көпшілік жүретін вокзал маңындағы дүкендерде адамдармен әңгімелесіп, пікірлесті. Қалдық заттарды сұрыптау жайлы қажетті ақпараттар жазылған жаднамалар таратылды. «Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру – ұстаздардан басталуы тиіс»- деп санайтын тәжірибелі ұстаз бұған дейін де бірнеше сауда орындары, монша, сауықтыру орындарында болып, ағарту жұмыстарын жүргізуге атсалысуда.




Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее