28
январь
2021
«Табиғат жанашырларын тәрбиелейік!»
«Экология әліппесі» вариативтік сабағы аясында ұстаздар мен 1-сынып оқушылары «Қоршаған ортаны ластамау», тақырыбында жаднамалар дайындап, өздері тұратын аудан тұрғындарымен ағарту жұмыстарын жүргізуде. Солардың бірі – Айгүл Жақсылыққызы. Ол қала жұртшылығы баратын қоғамдық орындарда болып, жаднамаларын үлестірді. Келушілермен табиғатты сақтау, қала экологиясы турасында пікірлесті. Үлкендер әрекетінің бала санасына тигізетін ықпалын алға тартып, ата-аналарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырды.
