"Қоқысты тиімді пайдалану" т » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

04
февраль
2021

"Қоқысты тиімді пайдалану" т

Оқушылармен "Қоқысты тиімді пайдалану" туралы  зерттеу жұмыстары қаралды
6-сынып оқушылары "Қоқысты тиімді пайдалану" зерттеу жұмысын жүргізіп, нәтижесімен бөлісті. Жүргізген зерттеу жұмысының мақсаты қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануын, қалдықтарды қайта өңдеу және жою жолдарын талдау болып табылады. Оқушылардың алдарына қойған міндеттері: 
1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар жинастыру
4) Қаланың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;
5) Қаланың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларды ұсыну
6) Зертханалық жұмыстар жасау
Бұл жұмыстың өзектілігі заманауи тұрмыстық қалдықтардың жағдайларын және кәдеге жарату әдістерін анықтап тексеру. Зерттеу барысында салыстыру, сәйкестендіру, талдау, тұжырымдау, нақты материалдарды қорытындылау әдістерін қолданған. Талдау нәтижесінде мынадай қорытынды жасалды: қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған, негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білге, ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған. Балалар қоқыстың қоршаған ортаға тигізетін әсерін түсінгендерін, тағыда осы тақырыпқа байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізетіндері туралы пікірлерін жеткізді.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее