Зерттеу жұмыстары – ғаламдық проблемаларды шешудің бастамасы
Мектеп оқушыларының Ғылыми қоғамдастығында 52 ұстаз, 54 оқушымен жұмыс жасауда. Экологиялық сананы және мінез-құлықты қалыптастыруға; экологиялық бағыттағы білім деңгейін көтеруге, экологиялық мәселелер мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, жас ұрпақты табиғатқа жауапкершілікпен қарауға және экологиялық сауатты қалыптастыруға бағыттаған жобалар сайысы мектебімізде екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Былтырғы оқу жылында осы бағыттағы жасалған жұмыстар саны – 25 болса, биылғы оқу жылында – 37-ге жетті. Жобалау технологиясымен айналасып, ғылымның қыр-сырын білуге құштар оқушылар арсында «Менің жасыл әлемім» тақырыбында жас зерттеушілер сайысы ұйымдастырылды. Сайыс 4-10 сынып оқушылары арасында өтті. Шараға жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, қоршаған ортаның ерекшеліктері, жергілікті жер табиғаты, адам ағзасына әсер етуші факторлар т.б. тақырыптардағы 25 жұмыс ұсынылды. Бұл жұмыстар жалпы орта білім беру пәндері бойынша экологиялық білім беруді одан әрі жетілдіруге ықпал етеді. Зерттеу тақырыптарын төмендегі бағыттар бойынша топтастырып қарадық және аталған жұмыстар үздік деп танылды: қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру – «Қалдықтардан биомоделдеуге», «Тұрмыс қалдықтарын пайдаға жарату»; су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру – «Су қоймасының экологиялық жағдайын анықтап салыстыру жолдары», «Қазақстан су ресурстарын пайдалану проблемалары», «Алакөлдің шипасы»; экожүйелерді сақтау – «Құмырсқаның таңғажайып әлемі», «Үй қоянының өсу және даму факторлары», «Флоксы гүлінің аулада және бөлмеде өсу ерекшелігі», «Ағаш дәрігерлері» . Сарапшылар жобалардың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімділігіне жете назар аударды. Жас зерттеушілер экологиялық жұмыс бағыттары бойынша технологиялық мәселелерді шешуге; серіктес мектептермен тәжірибе және идеялар алмасуға тартылатын болады.






