22
январь
2021
Экологиялық кеңсе тауарларын қолдануға кеңес береміз.
Кеңсе тауарлары - бұл балабақша, мектеп оқушыларына, кез келген ұйымға, яғни барлық адамға таптырмайтын, күнделікті өмірге қажетті заттар екені анық.
Қазіргі таңда экологиялық кеңсе тауарлары шетелде де, біздің елде де үлкен танымалдылыққа ие болып отыр: табиғатқа және экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарау адамдарға жағымды әсер қалдырып, оны шын көңілмен пайдалануға кепілдік береді.
Бізді осы тақырып қызықтырды, сондықтан қайдан алуға болатыны, бағасы және неге мән беру керектігі зерттеп көрдік.
Эко-кеңсе тауарларын таңдағанда келесі бағалау критерийлерін басшылыққа алуға болады:
• биологиялық ыдырау, яғни табиғи жағдайда материалдың ыдырау қабілеті
• табиғи және синтетикалық компоненттер мен әр түрлі қоспаларды біріктіру арқылы алынған биологиялық ыдырайтын полимерлер
• табиғи жағдайда ыдырайтын табиғи материалдар
• қайта өңдеу - қайта өңделген шикізаттан жасалған тауарлар
• баламалы нұсқа ретінде қайта пайдалану мүмкіндігі.
Бұл тауарлар көбіне онлайн дүкендерде сатылады екен. Ол жерде тауар бағасын, материалын, түрлері, қай елде жасалғанын туралы толық ақпарат беріледі. Эко-тауарлардың бағасы да қолжетімді екенін көруге болады.
Экологиялық жазу құралдарын (табиғи және қайта өңделген материалдардан жасалған қаламдар мен қарындаштар, блокноттар) таңдау арқылы сіз өзіңіздің экологиялық таза тұжырымдаманың құндылықтарына деген адалдығыңызды көрсетіп қана қоймай, оны қорғауға өз үлесіңізді қоса аласыз.