«Кішкентай эковолонтёр»
Қоршаған ортаны қоқыстардан сақтап, табиғатты аялау адамзаттың борышы. Жер бетіндегі адам өзі үшін айналасындағы қоқыстарды жинақтап, тиісті жерлерге сұрыптауға өткізсе, өзінің табиғатқа жанашыр екенін дәлелдеген болар еді. Ал осы әркетке жер бетіндегі барша тұрғын өз үлесін қосса нұр үстіне нұр болар еді. 2 «А» сынып оқушысы Дәулетқызы Айзере анасы екеуі эковолонтёр болып, көпшілікке қоршаған ортаны қорғауды насихаттады. Айзере анасы жұмыс істейтін орталық ауруханаға жол тартты. Ауруханада істейтін біршама қызметкерлермен әңгіме жүргізіп, үйдегі тұрмыс қалдықтарын сұрыптау туралы ақпараттармен таныстырды. Аурухана қызметкерлерінің қолдарына пайдалы ақпараттар жазылған «ЭКО жадынамалар» таратты. Айзере кіші сынып оқушысы болса да, үлкендер жасайтын іс атқарды. Ол Эко волонтёр болуға өз сыныптастарын да шақырады.
[media=https://youtu.be/xxH8mjjhBA8]