«Бесік пе, памперс па?» » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

11
май
2020

«Бесік пе, памперс па?»

Мектебіміздің 1 «А» сынып оқушысы Даулетқызы Айзере «Бесік пе, памперс па?» деген тақырыпқа өз зерттеуін жасап көрді. Памперстің сәби денсаулығына кері әсерін тигізетін тұстары баршылық екен. Олар: бала денсаулығына тигіетін зияны, аллергия туғызатын қоспалы заттардың болуы, нәрестенің памперсқа дағдылануы. Ең басты зияны – қоршаған ортаны ластауы. Қоқысқа тасталған памперстар ыдырауы үшін 500 жыл қажет болады екен. Отбасы бюджетіне де айтарлықтай зиянын тигізеді. Өйткені, пампестер қымбат тұрады. Жоғарыда айтылған кемшіліктерді шешудің бірден бір жолы – баланы бесікке салу. Ата-бабамыздың ұлттық дәстүрімен бесікке салынған бала ұйқысы бұзылмай жақсы ұйықтайды, үнемі таза болады және суық тиіп ауырмайды. Бесік арқылы отбасы қаражатын да үнемдеуге болады. Дүниеге келіп жатқан әр сәби 1,5 – 2 жасқа дейін күнделікті пампесты тұтынудан қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді екен. Сондықтан жас зерттеушіміз Айзере бесікті қолдануға кеңес береді.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее