Интернет магазин «Ecoshop»
Біздің мектебімізде «Жасыл мектеп» жобасы аясында тұрмыстық қалдықтардан жасалған бұйымдар «Отбасылық эко-Lifehack» байқауы ұйымдастырылды. Әр сынып челлендж арқылы үй жағдайында видео, фото түсіріп, эстафетаны сыныптан сыныпқа тапсырып отырды және заттарды ата-анамен бірігіп жасап, осы видеолар арқылы ата-аналармен оқушыларды қызықтырып, тұрмыс қалдықтарын кәдеге жаратуға шақырдық. Байқау барысында мектептің барлық 819 оқушысы топтық жұмыспен, жанұяларымен бірігіп әр түрлі заттар дайындады. Тұрмыстық қалдықтардан үй тұрмысына қажетті заттар, аксессуарлар, массаждық кілемшелер, т.б. жасалды. Ең жақсы бұйымдар, ал олардың саны 50 астам, «Ecoshop» интернет – дүкенге орналастырды.
Осылай, оқушылар мен ата-ана, мұғалімдерді нарық жағдайында ақша табу жолдарын көрсетіп отырмыз. Шығынсыз бұйымдар жасап, оларды сату арқылы қаржы табу. Сонымен қатар ондай бұйымдарды күнделікті өмірде жаратуға болатындығы айқындалды. Әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларды осы бұйымдармен марапаттау жүзеге асып келеді.