Фитомодуль - денсаулыққа бастар жол » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

18
март
2020

Фитомодуль - денсаулыққа бастар жол















Мақсаты: Оқушылардың ғылыми-танымдық, тұлғалық, іскерлік қабілеттерін дамытып, жауапкершіліктерін арттыра түсу. Туған өлке экологиялық проблемаларын шешуге баулу. Өз бетінше еркін ойлау, логикалық тұжырым жасау, дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін дамыту.

Оқушылар жергілікті дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттерімен танысты. Тұймедақ, ермен, итмұрын, қарақат т.б. өсімдіктер зерттелді.Дәрілік өсімдіктердің түрлерін білумен қатар оларды бөлме жағдайында өсіруге үйреніп келеді. 

Дәрілік өсімдіктерді мектепте өсіру үшін фитомодуль әдісін қолданамыз. Фитомодуль - бұл көптеген өсімдіктерді отырғызуға болатын жалғыз дизайн. Өсімдіктермен бірге бүкіл құрылымның салмағы аз, сондықтан фитомодульді қабырғаға бекітуге болады. Фито модуль өте ықшам қабырғаға орнатқан кезде аз орын алады. «Жасыл» қабырғалар сәнді әрі бөлмедегі оттегінің пайыздық мөлшері көбейеді. Фитомодульді жасауда қазақ халқының қолдан жасаған бұйымы киізді пайдалану экономикалық, экологиялық жағынан тиімді. Киіз өсімдікке қажет ылғалды сіңіріп ұстап тұрады. Дәрілік өсімдіктердің қазіргі күйі мен болашағы туралы түсінік алады.Оқушылар дәрілік өсімдіктерге бақылау жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қадамдар жасап келеді

Шикізат дайындаудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Кейбір дәрілік өсімдіктер түрлерін мектеп ауласында жерсіндіріп болашақта емдік қажетке қолдану үшін ізденіс үстінде. 

Айналадағы жақсарту іс-әрекетінің барлық түріне белсене қатысып келеді, табиғатты қорғау қажеттілігін тұжырымдауға дағдыларын арттырып келеді.

Оқушылар өз жобаларын Республикалық «Мектеп өмірінен бір күн» жобасының қалалық кезеңінде барлық қатысушыларды (250 адам) таныстырды.

Өзектілігі: Дәрілік өсімдіктерді мектеп жағдайында өсіру арқылы мектеп асханасына фитошай бұрышы ұйымдастырылып оқушылар мен мұғалімдер қалаулары бойынша фитошай ішуге мүмкіншілік алды. Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыларын арттыру мақсатында жүйелі жұмыс жасалып келеді. 


Нәтижесінде оқушылар қоршаған ортаны бақылауға дағдыланды, жергілікті материалдарды пайдалану жолында  экологиялық білімдерін кеңейтті. Жұмыс орындау барысында жергілікті экологиялық проблемаларды шеше білуге тартылды. Экономикалық тұрғыдан үнемдеу жолын көрсетіп келеді. Фитошай шикізатын қолдан өсіріп қаржы жұмсамауға жол ашты. Сонымен қатар киізді пайдалану экономикалық, экологиялық жағынан тиімді.Әлеуметтік жағынан қарастырсақ, фитошай барлық оқушыларға (819 оқушы)және ұстаздарға (134 адам) қол жетімді болды, яғни тегін. 



Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее