"Экосумка" тарату акциясы.
"Экосумка" акциясы.
Мектебімізде құрылған эковолонтерлар тобы ақпан айында қаламыздағы ең ірі "Адал"супермаркеті тұтынушыларына экосумка тарату акциясын ұйымдастырды. Экосумка - полиэтилен пакетінің ең жақсы баламасы. Сондай-ақ ол әлемнің болашағы туралы сәнді тренд және экологияның қамқорлық символы болып табылады. Акция барысында эковолонтерлар қала тұрғындарына 50 дана сумканы тегін таратты. Экосумка экологиялық таза табиғи материалдан тігілген. Ол әдетте мақта, зығыр, бамбук сияқты материалдан жасалғандықтан 100% биодеградация қасиетіне ие: топырақта ыдырай отырып, оларға органикалық заттар қосады. Яғни политэлиен пакетке қарағанда экосумка қоршаған ортаны ластап зиян тигізбейді. Экосумканы таратудағы басты мақсат қала тұрғындарын 1 реттік қолданылатын политиэлен пакеттерден бас тартып, экологияны таза ұстауға үлес қосуға шақыру. "Экосумка" тарату акциясын өткізуге жалпы 90 адам қамтылды.
Нәтижесінде
Экологиялық тұрғыдан: Бүкіл әлемнің экологтары полиэтилен пакеттердің зияны туралы айтып дабыл қағуда. Полиэтилен пакеттерді қоқысқа тастағаннан кейін жойылып ыдырап кетуіне 100-ден 500 жылға дейін уақыт керек екен. Мұндай қоқысты жағу қауіпті. Жану барысында атмосфераға ауаны ластайтын және озон қабатын бұзатын канцерогендер бөлінеді, ол күшті у – диоксиндер.
Эковолонтерлар экосумкалар тарату барысында 50 тұтынушы 1 экосумканы 6 ай көлемінде қолдана отырып, орта есеппен алғанда 4800 дана полиэтилен пакеттен бас тартады. Бұл дегеніміз, 4800 дана пакеттердің салмағы 1 килограмм немесе 1000 грамм. Яғни, бұл пакеттерді жаққанда ауаға тарайтын улы газ диоксидтің мөлшері 862 литрді құрайды екен. Сондықтан да эковолонтерлар экосумка тарату арқылы экологияның ластануын болдырмауға өз үлестерін қосты.
Экономикалық тұрғыдан: Біздің паймдауымызша 1 жанұя жарты жылда әр сауда жасаған сайын 96 дана полиэтилен пакетін сатып алса, ал біз ұсынған экосумканы 6 ай қолдануға болады. (1 жанұя айына 16 дана пакет, ал 6 айда 96 пакет алады) Акцияны жүргізу барысында біз 50 дана экосумка тарату арқылы, әр жанұя 6 айда 96 дана пакетті (1 данасы 30 теңге) сатып алуға кететін қаражаты яғни, 2880 тенгені үнемдеді. Ал, барлық 50 жанұяның жарты жылда қолданатын пакеттер саны 4800 дана, оны теңгеге шаққанда 144000 тг. жұмсалады екен. Экосумканы пайдаланатын әр жанұя экологияны қорғап қана қоймай өзінің қаражатын да үнемдеуге болатынын түсінді.
Әлеуметтік тұрғыдан: Әр тұтынушы полиэтилен пакеттерін өз тұрмысында қолдануды шектей отырып, өзінің болашақ ұрпағына жауапкершілік танытады.
Қорытындылай келе эковолонтерлар жыл соңына дейін 6 акция өткізу арқылы қала тұрғындары 43200 полиэтилен пакеттен бас тартады. Соның нәтижесінде 450 отбасы 1 296 000 теңге үнемдейтін болады.