04
февраль
2020
«Қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасау»
"Құстарға қамқорлық" атты экологиялық акциясы негізінде оқушылар мен ата аналар бірлесе отырып құстарға жемшашарлар жасады. Мақсаты: Балаларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу, «біздің кішкентай достарымызға» жанашырлық танытуға баулу. Оқушылар құстардың пайдасы туралы мағлұматтар алып, қыстап қалатын құстардың атауларын қайталап, оларға қандай жем беруге болатынын естеріне түсіріп, қыста құстарға қамқорлық жасау керектігі туралы толық ақпарат алды. Жемшашарларын ағашқа іліп, күнделікті бақылауға алатындарына және олар бос болмайды деген уәде берді.




