09
апрель
2020
Эко статус
«№3 ЖОББМК» де «эко мектеп» жобасы аясында барлық оқушыларға «Табиғатты аялауға шақырамын» атты экологиялық жарнамалар дайындалды. Барлық жарнамалар оқушылардың, мектеп ұстаздары мен ата – аналардың ұялы телефондарына WhatsApp желісіне эко статус болып қойылды. Мақсаты: қала тұрғындарын табиғатты қорғауға шақыру. 24 сағаттың ішінде 816 оқушы, 516 ата –ана және 76 ұстаз ұялы телефондарына қойып, Семей халқын және әрқайсыларына өз туыстарын табиғатты аялауға шақырды.
































