24
апрель
2020
Суды үнемдейік
Бүгінгі кішкентай кейіпкеріміз 0 «В» тобының тәрбиеленушісі – Серік Ерназар суды үнемдеуге шақырады. Тісін, қолын жуу кезінде кранды қолданудың дұрыс, бұрыс жолдарын демонстрациялы түрде көрсетеді. Анасының көмегімен есепсіз қолданған судан қандай шығын келетінін математикалық есепке салады. Краннан тамған 1 тамшының өзі 1 айда 170 литр суды құрайды екен. Әлемдегі 7 миллиард халық беті-қолын жууда 1 литр суды босқа ағызатын болса, 7 миллион тонна су ысырап болады. Кішкентай досымыз күнделікті тірлікте үлкендер мән бермейтін шығындарды есептей келе, планетамыз үшін судың маңызына тоқталады. Әлем халықтарын суды үнемдеуге шақырады.