Электр энергиясын үнемдеудің қарапайым ережелері » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

16
март
2020

Электр энергиясын үнемдеудің қарапайым ережелері

XXI - ғасырды электр құрылғыларынсыз (компьютер, теледидар, телефон, ас үй құрылғылары т. с. с) елестете алмаймыз. Біздің өмір сүруіміз үшін электр энергиясының алар орны ерекше. Күн сайын оған деген сұраныстың артуынан, тұтынушыларды электр энергиясымен толық қамтамасыз ету әлем елдерінің басты мәселесіне айналды. Еліміз, бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатқанда, біз де өз үлесімізді қосуымыз қажет.

«№3 ЖОББМК» КММ оқушылары жұмыстарын шағын видеороликтер түсіруден бастадық. Видеороликтерді түсірудегі мақсатымыз – электр энергиясын үнемдеудің қарапайым әдістерін халық арасында насихаттау, елді үнемшілдікке шақыру. Адамдардың электр энергиясын үнемдеу үшін бірқатар қарапайым ережелерді біліп, соны әдетке айналдырғаны үлкен бастама болар еді. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір, мұнай жағылып жатса, оның табиғатқа деген зиянын есептей беріңіздер. Видеоролик кейіпкерлерінің есептеулерінен бір аптада әр отбасы 100 кВт көлемінде электр энергиясын үнемдейді. Бұл бір қала, бүкіл ел бойынша алсақ, үлкен цифр. 

Электр энергиясына деген сұраныстың күн санап өсіп келе жатқанын ескерсек, оны өндірудегі қиындықтар, АЭС, СЭС, ЖЭС-ң күн сайын ауаға шығарып жатқан улы қалдықтары, табиғатқа келтіріп жатқан есепсіз зияны, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың сарқылуын еске алатын болсақ, бізге қарапайым қыздыру шамдарының өзін энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру арқылы да көптеген жетістікке жетуге болатынын ескерейік. Егер үш бөлмелі пәтердегі барлық шамдарды жарықдиодты шамдармен ауыстырсақ, бір айда 500 теңге көлемінде үнемдеуге болады. Осылайша, біз табиғатты қорғауға және отбасы шығындарын үнемдеуге аз да болса үлес қоса аламыз. 

Видеороликтерді төмендегі сілтемелерге өту арқылы көре аласыздар:

https://youtu.be/nesKSjH6Ur4

https://youtu.be/AecEpsQ9kjk

https://youtu.be/B2k6LBIJj4o

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее