Дамытушы бағыттағы экоойындарды қолдану » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

23
март
2020

Дамытушы бағыттағы экоойындарды қолдану

Мектепалды даярлық сыныпта және бастауыш сыныптарда білім алушылардың негізгі іс-әрекеті ойын технологиясы арқылы жүзеге асады. Ойынмен өрбіген сабақ үрдісі оқу материалын жылдам қабылдауға, әрі есте жақсы сақтауға кепіл бола алады. Оқушылар ерекшелігін ескере отырып, ойын түрлерін экологиялық бағытта жүргізу өз кезегінде оң нәтижеге қол жеткізеді. Кіші жастағы балалардың ерте кезден экологиялық білім алулары – табиғатты сүю, оны қорғау, жанашырлары бола білу сияқты ізгі қасиетті ерте кезден қалыптастыруға ықпал етеді. Ойын ойнай отырып, білім алуға мүмкіндік береді. Осы ретте мектебіміздің тәрбиешілері мен бастауыш сынып ұстаздарының құрастырған, жинақтаған дамытушылық бағыттағы экоойындарын назарларыңызға ұсынбақпыз. Бұл жинақтағы материалдар балалардың білуге құштарлығын арттыра отырып, өздігінен білім алуларына, проблеманы бірлесе отырып шешуге жетелейді. Экологикалық ойындар және жаттығуларды төмендегідей топтастыруға болады: интеллектуалдық ойындар, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, дидактикалық ойындар, математикалық ойындар. Бұл ойын түрлерін педагогтар мектепалды даярлықтан өтіп жатқан және бастауыш сыныптарда білім алып жатқан 394 оқушымен жүргізген. Мектеп ұстаздары практикасында қолданылып, білім алушылардың экологиялық білімдерінің қалыптасуына негіз болған 163 ойын-жаттығуларынан тұратын жинақты және интернет желісі сілтемелерін ұсынамыз.

1.https://vk.com/video305548037_456239020 ЭКО игра

2. https://www.maam.ru/detskijsad/slovesnye-logicheskie-zadachi-po-yekologicheskomu-vospitaniyu-detei-kartoteka.html

3.https://vk.com/video-80463282_456239031?t=14s

4. https://youtu.be/lyeHLxkKpo4?t=4

5. https://youtu.be/kG7MzXDxi6A






Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее