03
июнь
2020
Жылу жүйесін тазарту
Кез келген жылыту жүйесі уақыт өте келе жууды қажет етеді. Батареяларды пайдалану барысында олардың ішкі қабырғаларында коррозия пайда болады, тұздардың кристалдануы жүреді, бұл жылу тасымалдағыштың ағынын ластайды және радиаторлардың жалпы қызуының тиімділігіне кері әсерін тигізеді. Батареяны кірден босату екі кезеңде болады. Алдымен жабдықтың сыртқы бөлігін тазалау керек. Біріншіден,сыртқы жағын шаңнан сүртіп алу. Мұндай тазалау әрдайым пайдалы, екіншіден, шланг арқылы іштен тазарту,батареяны ішкі контурға су ағысын төмен қарай бағыттай отырып жуады. Ол үшін шлангтың герметикалығын қамтамасыз ете отырып, жалғастырғышы бар шланг қолданылады. Су таза болған кезде шаюды тоқтатады. Жылу жүйесі таза болса, жағылатын отын үнемделеді. Көмірсутектің ауаға аз бөлінуіне қол жеткізуге болады.