Ағаш егуде қалдықтардан дайындалған тыңдайтқыштарды пайдалану » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » » » Ағаш егуде қалдықтардан дайындалған тыңдайтқыштарды пайдалану

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

07
апрель
2020

Ағаш егуде қалдықтардан дайындалған тыңдайтқыштарды пайдалану

«Қалдықтардың екінші өмірі» челенджін қабылдаған бастауыш сынып мұғалімі Г.Р.Нугымарова көктемде алма ағашын егу тәжірибесін ұсынды.
Алма ағашын егуде табиғи органикалық тыңайтқыштарды қалай дайындап алуға болады? Таза экологиялық тыңайтқыштарға ағаштың үгіндісі (опилка), күзде қалған өсімдіктер сабақтарының күлі және малдың көңі таңдап алынады. Ағаштың үгіндісі, біріншіден, күн салқын болса егілген жеміс ағашының тамырына жылу береді, екіншіден суды жақсы сіңіруге көмектеседі әрі ауаны жақсы өткізеді. Ағаш үгіндісі өсімдіктің күлі және малдың көңімен араласқанда өте сапалы тыңайтқыш болып табылады. Күл өсімдіктер тамырына келетін түрлі зиянкестерден қорғайды. Сондай-ақ құрамындағы калций, магний, кремний – өте бағалы минералды заттар. Топырақтың құрамын байытады. Көң – үй жануарларының ферментті микробиологиялық қалдықтары. Егілген барлық мәдени өсімдіктерге көңнің бірнеше жылдық сақталып, қара шірікке айналған түрін пайдаланған тиімді болады. Аталған барлық табиғи экологиялық тыңайтқыштарды белгілі бір мөлшерде алып, жақсылап араластыру керек. Барлық қоспа дайын болған кезде алма ағашын егуге қолданып, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее