Республикалық «Менің эко өмір мектебім» конкурсының нәтижесі
Республикалық «Менің эко өмір мектебім» конкурсының нәтижесі
Конкурс мақсаты:Білім беру ұйымдары, ата – аналар және мектеп ықшам аудан тұрғындарының қатысуымен Нұр-Сұлтан, Теміртау, Семей, Шымкент қалалары мектептерінің арасындағы – төмен көміртекті даму стратегиясын әзірлеу мен іс жүзіне асыруда ұйымдастырылған жүйелі жұмыс негізінде – экологиялық білім беру және тәрбиелеудегі ең үздіктерін анықтау.
Конкурсты ұйымдастырушылары: Экология, геология әрі табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Білім беру министрлігі, ҚР – дағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Нұр-Сұлтан, Теміртау, Семей, Шымкент қалаларының әкімшіліктері, «Оператор РОП» ЖШС, «Жас Ұлан» Республикалық қоғамдық бірлестігі конкурсты ұйымдастырушылар болып табылады.
Төмен көміртекті дамуды нақты іс-тәжірибеге негізу негізінде және маңыздылығын түсіну шеңберінде интеграциялық экологиялық білім беруді дамытуға бағытталған білім беру жүйесі қалыптаса бастады. Мектеп ықшам аудандарына арналған даму стратегиясы даярланды әрі жүзеге асырылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, жасыл көлікті қолдану, ресурстарды (су, энергия т.б.) үнемдеу, оларды парасаттылықпен тұтыну негіздері бойынша балалар және олардың ата – аналарымен жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылардың өзін – өзі басқару жүйесін дамыту арқылы, балалар мен ата – аналар қоғамдық науқандарды жүргізуге тартылды.
Оқушылар мен ата – аналар ресурстарды (энергия, ҚТҚ – ны бөлек жинау, су) үнемді тұтынуға дағдыланды. «А – дан Я – ға дейінгі қалдық заттар»,«V-өңдеуге», «Энергиялық тұрғыдан тиімді мектеп, пәтер, үй», «Экосағаттар», «ЭкоАсар» және т.б. өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысты.
Балалар мен ата – аналардың қатысуымен қоса жүргізілетін, әр оқушы, отбасы,мектеп және тұтастай алғанда ықшам ауданның көміртектік ізін азайтуға бағытталған төмен көміртекті даму стратегиясын жүзеге асыруда.
Байқау 2019жылдың қарашасынан басталып 2020 жыл қыркүйегінде аяқталды.
23 қыркүйек күні Семей қаласында Байқау нәтижесі жарияланды. Кездесуде №49 жалпы орта білім беретін мектеп, Пригород ауыл мектебі, №3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені, «Ажар» бала бақшасының өкілдері қатысты. Сонымен қатар қала білім бөлімінің басшысы Н.Фесенко, БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының ұйымдастырушысы Немцан Татьяна Николаевна, «Жанұя орталығы» ҚФ Жанна Жагипаровна Жибраева қатысты. Республикада ережеге сәйкес 5 мектеп финалға шықты. «Қазақстанның үздік эко мектебі» атағы мен платина Сертификаты Семей қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешеніне табысталды. Бұл мектеп «Қазақстанның үздік эко мектебі» тақтайшасының иегері болды.


