Бұлттар неге ұқсайды?
Бұлттар пішіндеріне қарай негізгі үш түрге бөлінеді:
Будақ бұлт – 1-2 км биіктікте болатын, үйіліп жатқан жүн, не мақтаға ұқсап келетін сұрғылт түсті бұлттар. Олар тұтаса келе түнеріп, будақ бұлтқа айналып, жазда, нөсер жаңбыр, қыста, жапалақтап қар болып келеді. Жер беті қатты қызғанда, ауа ағымдары жоғары өрлеп, күшті жүруінен бұлттар қалыңдап, 3-4 км-ге дейін көтеріледі.
Қабат бұлт – екі шақырымдай биікте көтерілетін, тұманға ұқсас, сұрғылт қабатты бұлттар. Қабат бұлттар аспанды түгел торласа, ұзаққа созылатын ақ жауын жауады.
Шарбы бұлт – 6 км-ден жоғары биіктікте түзілетін, майда мұз кристалдардан тұратын, жауын-шашын әкелмейтін ақтүсті бұлттар.
Бұлттар неге ұқсайды?
Мақсаты: Шығармашылық қиялдау, елестету қабілеттерін дамыту. Өз ойларын қысылмай айтуға тәрбиелеу. Бұлттарды неге ұқсайтынын айта отырып бейнелеу.


