Үйдегі терезені жылу сақтайтын терезеге айырбастау
Қазіргі кезде үйлерді пластикалық терезесіз елестету мүмкін емес,өйткені жер үйлер мен көп қабатты үйлердегі тұрғындардың көпшілігі бұрынғы ағаш терезелерін пластикалық терезелерге ауыстырып жатыр.Пластикалық терезенің артықшылығы неде деп ойлайсыз? Біріншіден, жыл сайын жазда бояп әуре болмайсыз. Бояуға кететін қаржыңыз өз қалтаңызда қалады. Екіншіден, пластик терезені қыста қырау баспайды.Жылуды жақсы сақтайды.Үшіншіден, пластик терезенің ішіне шаң кірмейді.Жыл сайын ашып шаңын сүртудің де қажеті жоқ.Сонымен қатар пластик терезелер қызмет көрсетуде көп күтімді қажет етпейді.Дыбысты оқшаулау, жылу сақтау бойынша жоғарғы қасиеттерге ие. Сондықтан терезелерді пластикке ауыстыру отбасы шығынын азайтады және үйдің жылы болуын қамтамасыз етеді.Осы артықшылықтарды ескере отырып, біз де 2 жыл бұрын ағаш терезелерімізді пластикалық терезеге ауыстырған едік. Бұрынғы кезде қыста 6 тонна көмір жағатынбыз.Қазіргі кезде 5 тонна көмір артығымен жетеді. Пластикалық терезенің тиімділігіне біздің отбасымыздың көзі жетті.Әлі де өз терезесін пластикалық терезеге ауыстыру жайлы ойланып жүрген адамдарға ойланбастан ауыстыруға кеңес береміз.




