26
март
2021
Кітап оқуға құштармын!
«Кітап-білім бұлағы» демекші, осы көктемгі демалыс уақытында 5 «Б» сынып оқушылары мектеп кітапханасына барып, кітапханашы Мира Сұртаевнадан кітаптар жайлы қысқаша мәлімет ала отырып, өздеріне ертегі, аңыз әңгімелер, қисса- дастандар, тұрмыс –салт жырларынан тұратын кітаптарға қызығушылық танытып, демалыс уақытын тиімді өткізу үшін үйге оқуға алды. Сынып бойынша 23 оқушы. Мектеп кітапханасынан 15оқушы түрлі жанрдағы кітаптарды алған. Болашақта да кітапханамен жұмыс жасау өз жалғасын табады. «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан» деген, Абай Құнанбаевтың сөзімен түйіндеймін.


