01
апрель
2021
Пән мұғалімі: М.С.Хаджимова. «Оқуға құштар мектеп» жобасы
Бойынша 5 «А» сыныбында қазақ әдебиеті сабағында «Мен оқимын, сен де оқы!» деген ұранмен оқулығымыздағы Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Анасын сағынған бала» атты әңгімесін оқыдық. Балалар өздерінің кері байланысын оқулықтарындағы стикерге жазып қойды. Төртінші тоқсанда бастайтын бұл шығарманы оқыту мақсатым оқушылардың қызығушылығын арттыру. Балалар кері байланысында көктемгі каникулда осы шығарманы оқып келетіндігін айтты. Демек, оқушылардың шығармағы деген қызығушылығы арта түсті. Бұл жобаның алдағы уақытта, әдебиет сабағында тиер үлесі зор деп білеміз. Сонымен қатар балаларға тұрақты кітап оқу қажеттілігінің 7 себебі түсіндірілді. Мен оқимын, сен де оқы!
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 8 «Б» сыныбында «Ұйқы алдында оқимыз» атты флешмобы өтті. Оқушылар үйде Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» атты шығармасын бөліп-бөліп, бірін-бірі жалғастырып толық оқып шықты. Оқу арқылы шығарманың мазмұнымен танысып, бір-бірінің оқуға құштарлығын оята білді. Бұл шара алдағы уақытта да өзінің жалғасын табады.