Қалдықтарды өңдеу
3 «В» сынып оқушысы – Бақыт Айшабибі пластикалық бөтелкелерден жасалған жұмыстарымен бөлісті.
Қолдан жасалған сәндік бұйымдардың кең тарауы бұл бизнес түрінің дамуына жол ашады. Сол себепті тұрмыс қалдықтарын пайдаға асыруды жөн көрдік.
Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды түрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Қалдықтарды екінші рет тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электр энергиясын үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады.
Қалдық материалдарды қай уақытта болса да іздеп, табу қиынға соқпайды. Пластмасса, пластик, қағаздан жасалған бұйымдар әрқашанда сәнді болып көрінеді.