11
февраль
2021
Айна сынықтарын кәдеге жарату
Айна – кез келген үйде қолданатын мүлік. Айнаның шығу тарихы тым тереңде жатыр. Оны сонау ежелгі Шумер, Үнді және Мысыр елдерінде жасаған. Айнаны тек тұрмыстық бұйым ғана емес басқа да мақсаттарда қолдануға болады. Мәселен, 1"А" сынып оқушысы Халелова Айназдың отбасы үйде сынып, қолданыстан шығып қалған айна сынықтарын лақтыра салмай, олардан пайдаға жарайтын заттар жасайды. Айна сынықтарын әдемілеп, біркелкі етіп кесіп, ыстық желіммен шарға жабыстырып, әдемі, жарқыраған Дискошар жасады. Оны сауық кештерінде, би кештерінде немесе бөлмеге сән беру үшін пайдалануға болады. Сыйға да тартуыңызға болады. Қалдықтарды бірден лақтыра салмай, қандай кәдеге жаратуға болатынын шешіп алыңыз!



https://youtu.be/1yZxY7zirOw