Қоқысты сұрыпта, көмектес!
Елімізде қоқысты сұрыптау мен оны өңдеу ісі өте өзекті мәселенің бірі. Қоқыстан келетін зардап та көп. Қоқыс салатын контейнерлердің өзі «арнасынан» асып-тасып жатады. Одан қалғанын өртейді. Күлі көкке ұшады. Онда қанша індеттің ұя салғанын кім білсін?! Балконнан, терезеден қоқысты лақтыра салу немесе далаға шығармай, домішіне тастап кету, болмаса аулаға қалдыру секілді жағдайлар кездеседі. Әдеп, мәдениет мүлде ұмытылған. Тазалық барлығына керек. Отырған жерін таза ұстау - шындығына келгенде қаладағы әрбір тұрғынның міндеті. Бірақ, бізде көшені тек көше тазалаушылар ғана тазалау қажет деген түсінік қалыптасқан. Өз ауласына тиісті жер болып, егесіне «қоқысты төкпеңдер» десек, олар «тазалау сенің міндетің емес пе, сен тазала» деп өзіңе қарсы дүрсе қоя береді. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде.


