09
март
2021
Пластик құтыдан жемшөп жасау
Экологияның таза болуына аз да болса өз үлесімізді қосып, біз отбасымызбен тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауды әдетке айналдырдық. Соның ішінде пластикалық қалдықтарды тастамай, пластик құтыдан құстарға арнап жемшөп жасадық. Құстар өте қарапайым, сондықтан кез келген материалдан жасалған жемшөп құстар үшін маңызды емес. Олар үшін ең маңыздысы оларға жасаған қамқорлығымыз. Мұны жасау біз үшін арнайы шеберліктің болуы да шарт емес, тек қалауымыз болу керек. Сонымен қатар ұзақ уақыт материал іздеудің де қажеті жоқ, оның барлығы әрбір үйден табылады.