О нас » Страница 58 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

29 қараша- Балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың100 жылдығына орай мектеп кітапханашылары Байелова М.С және Кыдырманова К.С  5 сыныптар арасында "Бала
30
октябрь
2023
29 қараша- Балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың100 жылдығына орай
Мақсаты: ақынның өнегелі өмір жолымен таныстырып, әндері мен өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтқызу. Сайысқа оқушылар белсене қатысып, барлығы да кітапхана тарапынан мадақтама қағазға ие болды. 5 "г" сынып оқушысы Нуржанатова Аяла “Бас жүлдеге” ие болды.
ӘБ отырыстары өтті
30
октябрь
2023
ӘБ отырыстары өтті
Күзгі демалыс жоспарына сай мектебімізде барлық бірлестіктерде әдістемелік  бірлестік отырысы өткізілді.ӘБ отырысында 1 тоқсанның білім сапасының салыстырмалы мониторингі сарапталып, курстан өткен ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті, аттестаттауға баратын мұғалімдердің кәсіби байқауларға, конференциялар мен семинарларға қатысу сапасы қаралды. 
25 Қазан - Қазақстанда Республика күні, мемлекеттік мереке.
25
октябрь
2023
25 Қазан - Қазақстанда Республика күні, мемлекеттік мереке.
25 Қазан - Қазақстанда Республика күні, мемлекеттік мереке. Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Бүгінде еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі
Апталық челлендж
24
октябрь
2023
Апталық челлендж
24.10.23 күні аптаның сейсенбі күнінде мектеп ұстаздардының көңіл-күйін көтеру, сергіту мақсатында " Шатыр, адам, жер сілкінісі", " көңілді шарлар" ойындары өткізілді. Ойындарға мұғалімдер белсене қатысып шықты. Бұл ойындарды жүргізудің басты мақсаты ұжымдық қарым-қатынасты нығайту. Келесі апталық челлендж ағылшын тілі мұғалімі Ахметқалиева Жұлдызға жолданды
Мектебімізде   ұстаздарға арасында интеллектуалды сайыс өткізілді.
24
октябрь
2023
Мектебімізде ұстаздарға арасында интеллектуалды сайыс өткізілді.
▶ ️ Сайыстың мақсаты: ұстаздардың ой-өрістерін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжым арасындағы достық, ынтымақтастық байланысты нығайту.Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Сайыс барысында ұстаздар 1 айналым "Бәйге" кезеңінде тез, шапшаң ойлану дағдыларын көрсетсе, 2 айналым «Жорға» кезеңінде өздеріне берілген тапсырмаларды жылдам орындады. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтайтын 3 айналым "Дода" кезеңінде өздерінің   тапқырлықтарын көрсете білді. Бұл кезеңде 4 тақырыптан тұратын 10, 20,
"Қазақстанның еңбек сіңірген кітапханашысы" байқауы
24
октябрь
2023
"Қазақстанның еңбек сіңірген кітапханашысы" байқауы
Білім мазмұнын дамыту институтының ұйымдастыруымен өткен "Қазақстанның еңбек сіңірген кітапханашысы" Республикалық байқауына мектебіміздің кітапханашысы Байелова Мира Суртаевна қатысып, "Қазақстанның еңбек сіңірген кітапханашысы" төсбелгісімен , құрмет грамотасымен марапатталды.
🌳«Жасыл мекен формуласы - 2023»
23
октябрь
2023
🌳«Жасыл мекен формуласы - 2023»
✒️Абай облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен білім беру мекемелері арасында ұйымдастырылған «Жасыл желек формуласы - 2023» байқауына "№3 ЖОББМ" КММ ұжымы да қатысқан болатын. Байқаудың мақсаты – оқушылардың экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, сонымен қатар табиғат ресурстарына ұқыпты көзқарасын қалыптастыру, аумақтың сыртқы келбетін жақсарту, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін шешуге білім беру мекемесінің қызметкерлері мен оқушыларын
«AQYL BATTLE CUP » республикалық зияткерлік сайысы
20
октябрь
2023
«AQYL BATTLE CUP » республикалық зияткерлік сайысы
«AQYL BATTLE CUP  » республикалық зияткерлік сайысына мектебіміздің математика пәні мұғалімі  Қалиев Ерзат Ерланұлы қатысып, іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы атанды. Ойында өзінің білімі мен шапшаңдығын көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Мектеп ұжымы сізді қолдап, мақтан тұтады. Алда шығар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Жарайсыз! 
Педагог- жазушы Спандияр Көбеевтің туған күніне орай  “Поэзия әлемі” клубы ақынның өмір жолымен қатар шығармашылығынан өлеңдерімен танысып талдау жұмыстары
19
октябрь
2023
Педагог- жазушы Спандияр Көбеевтің туған күніне орай “Поэзия әлемі”
Абай, Ыбырай салған ағартушы-демократтық үлгідегі педагог- жазушы Спандияр Көбеевтің туған күніне орай  “Поэзия әлемі” клубы ақынның өмір жолымен қатар шығармашылығынан өлеңдерімен танысып талдау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында Төлегенова Айзере “Қауіпті достар” өлеңін оқыды, Даибекова Надия мен Касенова Еркежан Спандияр Көбеевтің  шығармашылығы бойынша қысқаша мағлұмат берді.
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы
18
октябрь
2023
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасы
Жас мамандардың шығармашылық әлеуетін, өзін-өзі дамытуы мен  белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының  облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға мектебіміздің педагог-  психологі Шарипханова Айгерим Ерлановна қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жас ұстазымызды тамаша жетістігімен құттықтаймыз! Шығармашылығың шыңдалып, биіктерді бағындыра беріңіз.Жарайсыз!
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее