Тұрмыс қалдықтарын сұрыптау мәдениеті
Тұрмыс қалдықтарын сұрыптауда аса мән берілетіні – қалдықтардың қауіптілік класы жайлы мәліметтің болуы. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін – экологиялық білім болуы қажет. Тұрмыс қалдықтарын қауіптілік деңгейіне байланысты I-V кластар аралығында қарастырайық. V класс – қауіпсіз қоқыс Бұл санатқа тамақ қалдықтары, қағаз, керамика, күл, қар, өңделмеген ағаш, табиғи талшықтан жасалған тоқыма, дақылдарды сұрыптаудың қалдықтары және арнайы жұмыс жағдайларын қажет етпейтін басқа да