09
декабрь
2020
«Қалдықтан өзімізге қажетті бұйым жасау»
1 «В» сынып оқушысы – Шайболат Асанәлі мектептің «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла» акциясына үлес қосты. Ол пластик бөтелке, балмұздақ таяқшалары және ыстық желімнің көмегімен өз үстеліне қажетті қаламсалғыш жасады. «Еш шығын шығармай, қолда бар қалдықтарды пайдаланып қажетті заттарды жасап алуға болады» - дейді ол. Асанәлі өз сыныптастарын осы акцияны қолдауға шақырады.