13
май
2020
Саяжайдағы еңбек
1 «Г» сынып оқушысы Тимурқызы Шырай демалыс күндері саяжайға барып, өз қолымен көкөністер отырғызды. Сүйіп жейтін қиярының жерге егілу кезеңдерімен танысты. Алдымен анасы екеуі жерді қашап, тырмауышпен тегістеді. Көкөністер өсетін үлескілер дайындалды. Дайын жерге тұқым себілді. Шырай тұқымның бетін өз қолымен жапты. Соңынан су себілді. Ол енді өз еңбегімен отырғызған көкөністердің шығуын тосып жүр. Демалыс сайын ата-анасымен бірге саяжайға баруға асығатын болды. «Еңбектің наны тәтті» демекші, сол тәтті жемістерді отбасына көрсететін күн де алыс емес.