Республикалық жобалар » Страница 186 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Мен қоқысты бөліп сұрыптауды қолдаймын!
12
апрель
2020
Мен қоқысты бөліп сұрыптауды қолдаймын!
Қоқысты бөліп сұрыптауды қолдаушылардың бірі – 4 «А» сынып оқушысы Артамбаева Алуа. Ол өз отбасында тұрмыс қалдықтарын бөліп жинау реформасын енгізген. Ауласында қоқыстарды жеке сұрыптайтын арнайы орындар дайындаған. Ас қалдықтарын шірітіп, топырақты тыңайтуға қолданбақшы. Қағаз қалдықтарын макулатураға, пластиктерді екінші өңдеуге өткізіп, тұрғылықты орынды ластанудан қорғауға шақырады. Кішкентай болса да, үлкен ой тастап тұрған Алуаның үндеуі ешкімді бейжай қалдырмасы анық.
«Жер бетіндегі қоқыс – ұятымызға түскен таңба
12
апрель
2020
«Жер бетіндегі қоқыс – ұятымызға түскен таңба
Сыныптас құрдастарының акциясын қолдап, қоқысты бөліп сұрыптауды әлемдік деңгейде көтеруді қолдаушылардың бірі – 4«В»сынып оқушысы  Жанаспаев Таниржан. Ол 1 жылда әр отбасының қанша тұрмыс қалдығын тастайтынын есептей келе, көпшіліктің назарын қоршаған ортаға келетін үлкен қауіпке аударады. Табиғатты аман сақтау үшін, қалдықтарды сұрыптай отырып, оларды қажетімізге жаратуға шақырады
Эко волонтерлар қоқысты бөліп жинауды қолдайды
12
апрель
2020
Эко волонтерлар қоқысты бөліп жинауды қолдайды
4 «Б» сыныбының жас эко волонтерлары 4-сыныптар арасында «Тұрмыс қалдықтарын бөліп жинау» акциясын ұйымдастырды. Акцияға 96 оқушы, 152 ата-ана қатысты. Олар өз үйлеріндегі, аулаларындағы қоқысты бөліп жинауға қатысты және шағын видео ролик дайындау арқылы қалалықтарды осы игілікті істі күнделікті дағдыға айналдыруға шақырды.
Шебер сынып «Қолдың моторикасын дамытуға арналған қыстырғыштар»
10
апрель
2020
Шебер сынып «Қолдың моторикасын дамытуға арналған қыстырғыштар»
Ерте және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: қасық пен қарындаш ұстау, түйме тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстау алмайтын, түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай
Жұмыртқа қорабын тиімді пайдалану
10
апрель
2020
Жұмыртқа қорабын тиімді пайдалану
Оқушылардың зейінін,ойлау қабілетін, есте сақтауын  және математика тапсырмаларын қызығушылықпен орындау   мақсатында «№ 3жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ педагог – психологы А.М.Рамьянова тұрмыстық қалдықтарды пайланып, жұмыртқаның лотогынан және қалдық ойыншықтардан қызықты есептер ойынын жасады. Мақсаты: -оқушының зейінін аудару, шоғырландыру; -ойлау,есте сақтау дағдыларын қалыптастыру; -математика пәніне қызығушылықтарын ояту;
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее