Республикалық жобалар » Страница 28 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Жақсы кітап ,- жан азығы" атты  READx форматында оқу конференциясын өткізді
25
апрель
2023
Жақсы кітап ,- жан азығы" атты READx форматында оқу конференциясын
23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне байланысты "3ЖОББМ"КММ нің кітапханашылары " Жақсы кітап ,- жан азығы" атты  READx форматында оқу конференциясын өткізді.5-9 сыныптар арасында өткен іс -шараға оқушылар жақсы дайындықпен келді. Өзінің оқыған шығармасын көркем сөзбен жақсы жеткізген 5 сынып оқушысы Шакен Нурали көпшілік дауыспен I- орынға ие болып, мадақтамамен марапатталды.
21.04.2023 күні дебат клубының мүшелерімен кезекті жиналыс өтті.
21
апрель
2023
21.04.2023 күні дебат клубының мүшелерімен кезекті жиналыс өтті.
Жиналыс барысында тақырыптар талқыланып, алдағы ойындардың тақырыптары таңдалды. Кейін оқушылар арасында “БП жастардың мәдениетін көтеру жолдарын ұсынады” тақырыбында пікірталасты.
8 в және 8 г сыныптарының арасында дебат ойыны өтті.
14
апрель
2023
8 в және 8 г сыныптарының арасында дебат ойыны өтті.
14.04.2023 күні 8 в және 8 г сыныптарының арасында дебат ойыны өтті. Тақырып: “БП футбол ойынындағы ең үздік ойыншыны атайды”. Екі тарап ойыншыларды таңдап, ойыншыларының жетістіктері мен өмір жолдары туралы баяндап, пікірталасты.
"Шексіз ғарыш әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
12
апрель
2023
"Шексіз ғарыш әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
12 сәуір Ғарышкерлер күніне байланысты мектеп кітапханасы  Адамзат баласы шексіз әлемнің кеңдігін зерттеп келеді. Космонавт әлі күнге дейін сирек кездесетін мамандық.Оқырмандардың әлем кеңістігі туралы қызығушылығын арттыру мақсатында кітап қорындағы ғарышкерлер мен космос туралы кітаптарды ұсыну.
"Ертегілер даналықтың негізі" атты тақырыппен ойындар өткізілді.
05
апрель
2023
"Ертегілер даналықтың негізі" атты тақырыппен ойындар өткізілді.
2 сәуір Халықаралық балалар кітап күнінің мерекесіне орай, мектеп кітапханасында "Ертегілер даналықтың негізі" атты тақырыппен ойындар өткізілді. 1"г" сынып оқушылары ертегілер оқып,  өздері жатқа білетін "Бауырсақ" ертегісін сыныптастарына сахналап берді.
04.04.2023 күні 9 “Б” және 9 “В” сыныптарының арасында
04
апрель
2023
04.04.2023 күні 9 “Б” және 9 “В” сыныптарының арасында
 “Б.П қазіргі таңда салт-дәстүріміз сақталып жатыр деп есептейді” тақырыбында дебат ойыны өтті. Оқушылар ұмытылып қалған салт-дәстүрлерімізді және әлі күнге дейін сақтап келе жатқан дәстүрлерімізді талдап өз пікірлерін білдірді.
"Балалар кітабының мейрімді әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
04
апрель
2023
"Балалар кітабының мейрімді әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2 сәуір Халықаралық балалар кітабының мерекесіне,"3 ЖОББМ"КММ нің кітапханасы кітап қорындағы әдебиеттерден  "Балалар кітабының мейрімді әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 4 бөлімнен тұратын көрменің тақырыптары: 1.Қазақстан жазушылары балаларға. 2. Әлем балалар әдебиеті. 3. Ең ақылды кітаптар. 4. Сиқырлы ертегілер.
1 сынып оқушыларына "Ертегілер мәңгілік даналықтың негізі" атты кітапханалық сабақ өткізді.
04
апрель
2023
1 сынып оқушыларына "Ертегілер мәңгілік даналықтың негізі" атты
2 сәуір Халықаралық балалар кітабының мерекесіне орай мектеп кітапханашылары Байелова М.С және Кыдырманова К.С  1 сынып оқушыларына "Ертегілер мәңгілік даналықтың негізі" атты кітапханалық сабақ өткізді. Мақсаты: Ертегінің кейіпкерлерін ойнау арқылы есте сақтау қаблеттерін арттыру, оқушыларды әдептілікке, әсемділікке тәрбиелеу арқылы кітапқа қызығушылығын ояту.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее