Материалы за 06.03.2026 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

6 «В» сыныбында орыс тілі және әдебиеті пәнінен Lesson Study технологиясымен зерттеу сабағы өтті.
06
март
2026
6 «В» сыныбында орыс тілі және әдебиеті пәнінен Lesson Study
05.03.2026 күні 6 «В» сыныбында орыс тілі және әдебиеті пәнінен Lesson Study технологиясымен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы: «Снежная королева». Сабақ барысында Wordwall платформасы арқылы тапсырмалар орындалды. Оқушылар «Восстанови диалог», «Паспорт персонажа» тапсырмаларын орындады. Сабақта жұптық және топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар берілген тапсырмалар арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқын талдап, өз ойларын білдірді. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасап, өз жұмыстарын бағалады.
“Баршаға әрі жекеге арналған мектеп” жобасы аясында 05.03.2026 күні
06
март
2026
“Баршаға әрі жекеге арналған мектеп” жобасы аясында 05.03.2026 күні
5”А” сыныбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Lesson study технологиясымен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы:”Страна чудес Л.Кэрролла”. Мақсаты: Әрбір оқушының деңгейін анықтау; топ мүшелерінің тәжірибе алмасуы; оқушылар сабақта кері байланыс беру дағдыларын қалыптастыру; ұжымдық мәдениетті қалыптастыру. "Тонкиеи толстые вопросы", "Синквейн", "Мозговой штурм", "Верные и неверные утверждения" әдістері қолданылды. Жұптық, топтық, жеке жұмыстар жүргізілді. Сабақ соңында оқушылар "Благодарю рефлексиясы
“Анамның аялы алақаны” атты бейнечеллендж ұйымдастырылып, өтті.
06
март
2026
“Анамның аялы алақаны” атты бейнечеллендж ұйымдастырылып, өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 1–11 сынып оқушылары арасында “Анамның аялы алақаны” атты бейнечеллендж ұйымдастырылып, өтті. Челлендждің мақсаты – аналарға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ана еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу. Оқушылар өз бейнероликтері арқылы аналарына жылы лебіздерін білдіріп, жүрекжарды құттықтауларын жолдады. #Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей #АПКО_Абай_облысы_Семей #Улттык_ сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Семей
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде
06
март
2026
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мектебімізде ерекше, жылы көңіл күйге толы таң болды. 🌸 Өзін-өзі басқару ұйымы ұстаздарымызды жылы жүзбен қарсы алып, гүлдер мен жүрекжарды тілектерін арнады. Ұстаздарымызға құрмет көрсетіліп, мерекелік құттықтаулар айтылды. Аяулы ұстаздарымызды көктемнің осы әсем мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс және шәкірттеріңіздің жетістігін көре берулеріңізді тілейміз. #Адал_азамат_Абай_облысы_-Семей
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее