🌨 Ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыту 🌨
10 наурыз күні қолайсыз ауа райына байланысты сабақтар уақытша қашықтықтан оқыту форматында өткізілді. Сабақтар бекітілген кестеге сай онлайн платформалар арқылы ұйымдастырылып, оқушылардың оқу үдерісіне толық қатысуы қамтамасыз етілді. Сабақ барысында жаңа тақырыптар түсіндіріліп, деңгейлік тапсырмалар берілді, кері байланыс жүргізілді. Оқушылардың белсенділігі мен оқу жетістігі тұрақты бақылауда болды. Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда! 📚💻